21 шілде 2014 | 17:49

Алматыда өтетін әлем чемпионатында алтын аларыма 99,9 пайыз сенімдімін - Илья Ильин

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Илья Ильин ©REUTERS Илья Ильин ©REUTERS

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Алматыда өтетін әлем чемпионатында алтын алатынына 99,9 пайыз сенімді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин Алматыда өтетін әлем чемпионатында алтын алатынына 99,9 пайыз сенімді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы Илья Ильин Анатолий Храпатыйды еске түсіруге арналған турнирде көрсеткен өнеріне көңілі толатындығын айтады. "Менің ойымша, барлығы керемет өтті. Екі жылдан бері ешқайда өнер көрсеткен жоқпын, сол себепті бұл менің алғашқы жарысым болып отыр", - дейді Илья Ильин.

Спортшының айтуынша, нәтиже өте күрделі болды. "Жұлқа көтеруде біраз салмақ болды, мен оның бәрін есептедім. Серпе көтеруде мен дайындық кезінде 185 келіні еңсерген жоқ едім. Лондон олимпиадасынан кейін бірінші рет көтеруім. Сол себепті, бұл жолғы сайысқа қатуымды 100 пайыз деп бағалаймын, барымды салып өнер көрсеттім. Дегенмен менде әлем чемпионатында өнер көрсететін мүмкіндік бар, оған дейін жаман нәтижемен бармаспын. "Алтын аламын" деген өзіме сенімділік 99,9 пайыз", - дейді ауыр атлет.

Ильиннің сөзінше, ол қазір бабына толығымен келген, өзін жақсы сезінеді. Турнир алдында салмағы 107,4 келіні тартқан. Қазір ол әлем чемпионатына толығымен дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Айта кететін тағы бір жайт, ол биыл Инчеонда өтетін Азия ойындарына қатыспайды. "Мен әлем чемпионатына жақсылап дайындалып, Қазақстан халқы менің өнер көрсеткенімді көргенін қалаймын. Онда Храпатый турниріне қарағанда әлдеқайда қызықты болатынына уәде беремін", - дейді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Илья Ильин Анатолий Храпатый турнирінде алтынға қол жеткізе алмай, екінші орынға тұрақтаған болатын. Ол Лондон олимпиадасынан кейін алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Сонымен қатар, осыған дейінгі сайыстарда 94 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетсе, Храпатыйды еске түсіруге арналған турнирде 105 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түскен еді. Қортынды бойынша әлемнің үш дүркін чемпионы жалпы есепте 424 келіні еңсеріп, турнир жеңімпазы Ибрагим Берсановқа есе жіберіп қойды.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer