21 шілде 2014 | 22:05

Қарағанды полициясы әнші Славаға дөрекілік танытты деген айыпты жоққа шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Әнші Слава  диспансерде. Айсұлу Буштаева© Әнші Слава диспансерде. Айсұлу Буштаева©

Қарағанды көлік полициясының басшылығы есірткі пайдаланды деген күдікпен ұшақ рейсіне жіберілмеген ресейлік әнші Слава мен оның концерт ұйымдастырушы директоры Александр Филге полицейлер дөрекілік көрсеткен жоқ деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан болған дөрекілік туралы мәлімет алдында бірқатар БАҚ-тарда жарияланған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды көлік полициясының басшылығы есірткі пайдаланды деген күдікпен ұшақ рейсіне жіберілмеген ресейлік әнші Слава мен оның концерт ұйымдастырушы директоры Александр Филге полицейлер дөрекілік көрсеткен жоқ деп мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.Құқық қорғау органы қызметкерлері тарапынан болған дөрекілік туралы мәлімет алдында бірқатар БАҚ-тарда жарияланған.

Көлік полициясы бастығының орынбасары Ержан Кемірбеков көлік полициясы тарапынан РФ-ның екі азаматына қатысты дөрекілік таныту немесе балағаттау болған жоқ дейді. "Әуе компаниясы қызметкері екі жолаушы өзін ұстай алмай,  мінез танытып, бұл есірткінің әсері болуы мүмкін деп полиция шақыртқан. "Біздің жедел топ әуе қызметкерінен шағым түскен "Сарыарқа" әуежайына келді. Өз міндеттерін қалтқысыз орындаған олар РФ азаматы Анастасия Славенскаяны және оның концерт ұйымдастырушы директоры Александр Филді облыстық наркологиялық диспансерге жеткізді" дейді Кемірбеков.

Шоу бизнесте Слава есімімен танымал Анастасия Сланевская және оның директоры медициналық мекемеге ешқандай қарсылықсыз жеткізілген. "Ол және оның қасындағы азамат тыныш көлікке отырды, содан кейін біз наркодиспансерге жылжыдық. Мен олардан сұрақ-жауап алдым. Олар бір ауыздан ешкіммен сөз таластырмағанын, өз әрекетімен ешкімнің ашуын туғызбағанын айтты. Сондықтан Славаға дөрекілік танытатындай полицейлерде ешқандай себеп те болған жоқ" дейді полиция полковнигі.

Кемірбеков сараптама әншінің ағзасында алкоголь болғанын анықтағанын айтады. "Демек,біздің күдігіміз негізсіз болған жоқ. Алкоголь әншінің қанында бар боп шықты" дейді Ержан Кемірбеков.

Tengrinews.kz редакциясына келіп түскен құжаттарға қарағанда әнші Слава медициналық сараптамадан өтуде "сырт киімі ұқыпты", "сөзшең", тілі күрмеліп,бұзылмаған, жағдайы "тұрақты", ал жүрісі "қалыпты" көрінді. Медбикелер де әнші Славадан есірткі мастығын таппаған, жеңіл-желпі алкоголь әсерін анықтаған.

Еске сала кетелік, 20 шілдеде таңертең әнші Слава мен оның концерт ұйымдастырушысын Қарағандының "Сарыарқа" әуежайынан ұшпақ жерінен полицейлер алып кеткен. Әуе компания өкілі Константин Тен, сондай-ақ әуе жол серіктері әнші есірткі мастығында деп ұшақ салонына оларды кіргізбей қойған. Славаның өзі болса, әуежайдың VIP-залында ұшу алдында виски ішкенін мойындаған, алайда ол есірткі қабылдағаным жоқ  деп отыр.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer