22 шілде 2014 | 15:40

Астанада ТМРА басшысына пара берген күдікті қамауға алынды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация tengrinews © Иллюстрация tengrinews ©

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) басшысына пара берді деп күдіктеліп отырған ер кісі қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) басшысына пара берді деп күдіктеліп отырған ер кісі қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратураның сайтына сілтеме жасап. 

Бас прокуратураның хабарлауынша, А.Ақтайды Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің лауазымды тұлғаларына пара беру фактілері бойынша аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасау күдігімен қозғалған қылмыстық іс шеңберінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі ұстаған болатын. "Бас прокуратура Астана қаласының Алматы ауданы №2 сотына А.Ақтайға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану санкциясын беру туралы мәселе көтерген болатын", - делінген таратылған хабарламада. 

Еске сала кетейік, ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы Мұрат Оспанов осы жылдың 2-шілдесінде ұсталған болатын. Алғашқыда оның 200 мың доллар көлемінде пара алғаны хабарланды, бірақ кейін қаржы полициясы алынған пара көлемін нақтылады. Ол 200 мың емес, 300 мың доллар көлемінде пара алған болып шықты. Оның адвокатының айтуынша, жоғары шенді шенеунік бұл ақшаны досынан баласының үйлену тойын өткізу үшін қарызға алған көрінеді. Үшінші шілде күні Астана қаласы Алматы аудандық №2 сотының санкциясымен ТМРА бұрынғы басшысы қамауға алынды. 

Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің бұрынғы төрағасы Мұрат Оспановты уақытша оқшаулау изоляторында ұстау уақыты 2014 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ұзартылатыны хабарланған болатын. Тіпті кейін ол қарауыл күзетін алдап қашып кетуге де талпынған. "2014 жылдың 2-ші шілдесінде, сағат 10:30 шамасында Оспановты уақытша ұстау абақтысынан Қаржы полициясы агенттігі ғимаратына алып келу кезінде, ол өзін нашар сезінуіне байланысты автомашинаны тоқтатуды сұраған. Бірден есікті ашып және автомобиль салонынан жүгіріп шығып, Оспанов қашуға әрекет жасаған. Агенттік қызметкерлері автомашинадан 15 метр жерде оны ұстап, бұл әрекетіне тосқауыл қойды", - деп сол кезде қаржы полициясы хабарлаған болатын.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course down  540.53  course down  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer