20 мыңдық теңгені айналымға шығару жоспарда жоқ - Келімбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 мыңдық теңгені айналымға шығару жоспарда жоқ - Келімбетов Иллюстрация tengrinews ©

20 мыңдық теңгені айналымға шығару жоспарда жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

20 мыңдық теңгені айналымға шығару жоспарда жоқ, деп хабарлайды Tengrinews.kz  тілшісі ҚР Ұлттық Банк төрағасы Қайрат Келімбетовқа сілтеме жасап.

"Алдағы бірнеше жылда бұл ақша бірлігінің айналымға шыққанын қаламаймын. Әрине ол қаражатта менің қолым қойылған нұсқасы шықпайды", - деді ол ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялық қызметіндегі брифингте журналистердің "20 мыңдық бірлік ақшада сіздің қолыңыз қойылған нұсқасы шыға ма?" деген мағынадағы сұрақтарына жауап беру кезінде.

Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда, ол басқаратын мекеме 20 мыңдық бірлік ақшаны шығару әлі ерте деген шешімге келген. "Ал алдағы уақытта бұл мәселенің қалай шешім табатынын уақыт көрсете жатар", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети