24 шілде 2014 | 14:45

Шағын және орта бизнес қызметіне заңсыз араласу тыйылмай тұр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ekbiznes.ru ©Ekbiznes.ru

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілерінің қатары артып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу 2-басқармасы басшысы Аслан Рыспаевқа сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметіне заңсыз араласу фактілерінің қатары артып отыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу 2-басқармасы басшысы Аслан Рыспаевқа сілтеме жасап.

Тексеріс жүргізген қаржы полициясы келеңсіз жайттарды жария етті. Аслан Рыспаевтың айтуынша, "Қазпочта" АҚ Қарағанды облыстық филиалының сектор бастығы Кезекеновқа қатысты қылмыстық іс өндіріспен аяқталды, ол 2014 жылғы 14 қаңтарда Астана қаласында жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу аясында орындалған жұмыстарды қабылдау актісіне қол қою және жеткізілген тауар үшін ақша қаражаттарын аудару үшін 386 000 теңге көлемінде пара алған.

"Астана қаласы бойынша қаржы бақылау инспекциясының бас маманы Нұркеевтің жауапкершілігі шектеулі серіктестіктен 5 млн теңге көлемінде пара алғаны жөніндегі қылмыстық іс сотқа жолданды. Жергілікті атқарушы билік органдарына қатысты 30-дан астам қылмыстық іс қозғалды", - дейді ол.

Сондай-ақ, Астана қаласындағы №39 кешкі ауысымдағы мектептің директоры А.К. Ауғамбаевқа, "Қалалық жылжымайтын мүлік" МКМ бұрынғы бухгалтері А.Шуматоваға, "Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" мекемесінің бөлім бастығы Р.Т. Тоғызбаевқа, "Қалалық жылжымайтын мүлік" мемлекеттік мекемесінің лауазымды адамдарына,  №54 "Нұр-Ай" балабақшасы" МҚКК меңгерушісі Самбетоваға қатысты қылмыстық істер қозғалған.

Астана қаласында іске асырылып жатқан салалық және мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген қаражаттардың мақсатты пайдаланылуын жедел қадағалау жұмысында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстар саны 1-ден 39-ға дейін көбейіпті.

"Бұл бағытта "Қолжетімді тұрғын үй", "100 мектеп және 100 ауырухана", "Балапан", "Саламатты Қазақстан", "Жол картасы" секілді бағдармалар аясындағы мемлекеттік қаражаттың мақсатты пайдаланылуы ерекше бақылауға алынып отыр", - дейді Сыбайлас жемқорлық туралы iстердi ашу және оның алдын алу 2-басқармасы басшысы Аслан Рыспаев.
  

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer