24 шілде 2014 | 19:56

Бұқтырма суқоймасындағы судың көлемі жартығасырлық деңгейге жетті

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бұқтырма су қоймасы. ©eco-turizm.net Бұқтырма су қоймасы. ©eco-turizm.net

Бұқтырма суқоймасы суға толып барады, - деп хабарлайды Tengrinews TV тілшісі. Қазірге дейін су қоймасы жағалауында орналасқан демалу базасы мен бірқатар саяжайлар судың астында қалған.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бұқтырма суқоймасы суға толып барады, - деп хабарлайды Tengrinews TV тілшісі. Қазірге дейін су қоймасы жағалауында орналасқан демалу базасы мен бірқатар саяжайлар судың астында қалған.

"Мәселе судың көтерілуінде емес, мәселе жағалаулардағы құрылыс жұмыстары су деңгейі төмен болған уақытта жүргізілгенінде болып отыр. Ал Қытай елі жағынан келетін судың деңгейі бақылауда тұр. Бірақ бірреттік су легі жіберілгені рас. Және ол уақытта шығыстағы көршіміз судың мол мөлшері келетіні жайында бізге ескерткен. Келген судан Бұқтырма су қоймасындағы судың деңгейіне айтарлықтай әсер ете қойған жоқ", - дейді Ертіс бассейні инспекциясының бас маманы Ольга Титенькова.

Алайда жергілікті тұрғындардың сөзіне қарағанда, бұл су Қара Ертістен келіп жатқандықтан төтенше жағдайдың алдын алуға болар еді. Себебі соңғы жарты ғасырда бұл аймаққа судың мұншама көлемі келмеген екен. Сондықтан бұл мәселеде Үкімет Бұқтырма су қоймасына Қара Ертістен келетін су көлеміне қатысты Қытай елімен белгілі бір межені бекітіп алуы керек болған.  Алайда бұл келісім әлі де болса талқылану үстінде.

Шығыс Қазақстан облысы Октябрь ауылының әкімі Сергей Феклистовтың сөзіне қарағанда, Бұқтырма ГЭС-нің өкілдерімен бұған дейін де осы мәселе бойынша бірнеше мәрте әңгіме болғанымен, тараптар нақты шешімге келе қоймапты.

Ал ГЭС-тегілер жағалаулардағы үйлерді су басуына тұрғындардың өздері кінәлі деп отыр. Мәлім болғанындай арнайы комиссия мүшелері су басқан аумақты қарап шығулары керек. Ал егер Бұқтырма су қоймасындағы су деңгейі тағы да 1,5 метрге көтерілсе аймақта төтенше жағдай жариялау керек болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer