29 шілде 2014 | 11:50

Менингит деген күдікпен 160 адам ауруханаға жатқызылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

Астанада бір ай ішінде менингит деген күдікпен 160 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент мамандары айтты.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Астанада бір ай ішінде менингит деген күдікпен 160 адам ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі департамент мамандары айтты.

"25 шілдедегі жағдай бойынша қаланың инфекциялық стационарларына менингит болуы мүмкін белгілермен 160 науқас жатқызылды. Клиникалық тексерістен соң 1 шілдеден бастап, 139 науқасқа "ұйыма менингит" деген бастапқы диагноз қойылды, 50 жағдай зертханалық жолмен расталды", - делінген Tengrinews.kz-ке берілген ресми жауапта.

Департамент мамандарының мәліметінше, бұл - індеттің белең алуы емес, маусымдық көбеюі. Былтыр да осындай көрсеткіш тіркелген. Шілде айында ауруханаға түскендер көбейген. Ауру 95% жағдайда 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркеледі. "Ұйымдасқан ұжымдарда жаппай ауыру деректері тіркелмегендіктен, шектеу шараларын енгізуге қажеттілік болмады", - дейді мамандар "Мектептер мен мектепке дейінгі мекемелерде карантин жариялануы мүмкін бе" деген сауалға қатысты.

"Денсаулық сақтау басқармасы "Ұйыма менингит" диагнозы бар науқастарды дер кезінде ауруханаға жатқызуды қамтамасыз етіп отыр. Энтеровирустар туғызған ұйыма менингит кезінде кісі көп жиналатын орындарда дезинфекциялық шаралар жүргізу талап етілмейді, өйткені жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау аурудың қарым-қатынас немесе тұрмыстық жолмен жұғу қаупін жоққа шығарады", - дейді мамандар.

Вирусологиялық зерттеулер үшін субұрқақтардан 11, ашық суқоймалардан 16, ағын сулардан 10 сынама алынған. Кәріз суынан алынған бір сынамадан ғана энтеровирус анықталды, бұл - қалыпты жағдай.

Энтеровирустық инфекцияның алдын алу шаралары өткір ішек инфекциясынан сақтану жолдарымен бірдей: қайнаған немесе бөтелкеге құйылған ауызсуды ғана тұтынып, тамақтанар алдында қолды сабындап жуған дұрыс, дәретханадан шыққан соң жеке бас және қоғамдық гигиена ережелерін қатаң сақтау керек. Жеміс-жидек пен көкөністі ыстық сумен жақсылап тазартып алып, жеу қажет. Ресми рұқсат етілген орындарда ғана шомылған дұрыс, шомылу кезінде су жұтпау керек, бей-берекет сауда орындарынан өнім сатып алып жемеген абзал. Мамандар тұрғындарға ауырған кезде өзін-өзі емдеумен айналыспай, дәрігерге көрінуге кеңес береді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer