30 шілде 2014 | 21:44

Павлодарлық жас футболшы жүрек талмасынан қайтыс болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет  vesti.kz сайтынан алынған Сурет vesti.kz сайтынан алынған

Павлодарда 15 жасар футболшы жаттығу кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодарда 15 жасар футболшы жаттығу кезінде жүрек талмасынан қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иртыш" спорт клубының директоры Серік Досановтың айтуынша, Сот-медициналық сараптама қорытындысы "Иртыш" балалар футбол орталығы ойыншысының өлім себебі күшті жүрек жетіспеушілігі болғанын анықтады. Футбол клубы жетекшісі Николай Раздобудьконың айтуынша, қайғылы оқиға "Жұлдыз" стадионында болған. "Жаттығу кезінде ол өзін нашар сезініп, құлап қалды. Спопрттық дәрігерлер алғашқы көмек көрсетті, алайда оның қан қысымы төмендеп, жүрек соғысы әлсірей бастады. Біз сол сәтте-ақ жедел жәрдем шақырдық, бірақ баланың өмірін сақтап қалу мүмкін болмады" дейді Раздобудько.

"Жүрекке күш түсетіндей, жаттығу ауыр болған жоқ. Бұған дейін ол бала ойындарға, жарыстарға қатысып жүрген. Ол бес жылдан бері футболмен айналысып келген еді. Дәл сол күні жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты ойынына дайындалып жатқан болатын. Бұл біз үшін өте үлкен қайғы" дейді Раздобудько. Оның сөзіне қарағанда, биыл орталықтың барлық тәрбиеленушілері тереңдетілген медициналық тексеруден өткен. Оның ішінде жүрек УЗТ-і де бар. Баланың денсаулығында еш кінәрат болмаған. Сондай-ақ сол күні де ол өзін өте сергек сезініп жүрген. Ешқандай жарақат та алмаған.

Прокуратураның мәліметіне қарағанда, полиция аталмыш оқиғаға байланысты тексеру шараларын жүргізіп жатыр.

15 жастағы жасөспірім футбол алаңынан ауруханаға клиникалық өлім жағдайында жеткізілген. Арадан бір сағат өткенда қайтыс болған. Бала жыл сайын медициналық тексеруден өтіп жүрген. Спортпен шұғылдануға рұқсат алған. Жаттықтыру кезінде ешқандай жарақат алмаған. Ол жақсы нәтиже көрсетіп, болашағынан үміт күттірген бала болған.

Бұл павлодарлық жас спортшылардың қайтыс болуының бірінші жағдайы емес. Осы жылдың мамыр айында Екібастұзда жаттығу жекпе-жегі кезінде 14 жастағы боксшы Қуаныш Жұмабай комаға түсіп қалған болатын. Жасөспірім Қазақстан чемпионаты жарысына қатысуға дайындалып жатқан. Белгілі болғандай, жаттығу кезінде қарсыласының іштен тиген соққысынан кейін ол есінен танып қалған. Дәрігерле онымен қоса бас миына зақым келгенін айтқан. Жарақат ауыр болып, бас сүйегін ашу қажет болған. Алайда дәрігерлердің әрекеті нәтиже бермеген. Жасөспірім есін жимастан көз жұмған.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer