31 шілде 2014 | 11:30

Шұғыл қызметтерді тексеру үшін автобекеттің жарылатынын хабарлаған

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Аstana.gov.kz ©Аstana.gov.kz

30 шілде күні Астана қаласы ішкі істер департаментіне "Сапаржай" автовокзалы ғимаратының жарылатыны туралы хабар келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

30 шілде күні Астана қаласы ішкі істер департаментіне "Сапаржай" автовокзалы ғимаратының жарылатыны туралы хабар келіп түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен полиция қызметкерлері автобекет аумағын қоршауға алды. Мұнда Астана қаласы ІІД жетекшілігі, тергеу-жедел әрекет ету тобы, шұғыл қызметтер келді. Автобекеттің жұмысы тоқтатылды. Ғимараттан 2000-нан астам адам шығарылды, іргелес аумақтардан 13 автобус пен 12 жеңіл автокөлік көшірілді. "Арлан" арнайы бөлімшесі мен кинологиялық орталық қызметкерлері ғимаратты тексеріп шықты. Жарылғыш зат табылмады", - делінген хабарламада.

Кейінірек полицияға хабар берген әйелдің кім екені белгілі болды. "Ақмола облысының бұзақылық ниетпен терроризм акті туралы көпе-көрінеу жалған хабар бергенін мойындаған 25 жастағы тұрғыны ұсталды. Сөзіне қарағанда, ол автобекет ғимаратында отырып, антитеррористік қорғаныс туралы жадынамада көрсетілген телефон нөміріне қоңырау шалып, шұғыл қызметтердің қаншалықты жедел қимылдайтынын тексермек болған", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті Астана қаласы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол өз әрекетінен келген материалдық шығынды өтейтін болады. Полицейлердің мәліметінше, соңғы кездері ғимараттарға бомба қойылғаны туралы жалған хабар берушілердің қатары көбейіп кетті. "Әзілқойлар" өз әрекеттерінің салдары туралы ойлана бермейді. "Астана қаласы ішкі істер департаменті 2012 жылдан бері терроризм әрекеті туралы көпе-көрінеу жалған ақпарат берудің жазасы қатайғанын хабарлайды. Егер бұрын аталған баптың санкциясы 200-ден 500 АЕК-ке дейін айыппұл салу немесе екі жылға түзеу жұмысына салу не алты айдан екі жылға дейін түрмеге қамау болса, енді мұндай қылмыс үшін алты жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылады", - дейді полиция өкілдері.

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer