01 тамыз 2014 | 08:27

Ресей "Байқоңырды" қаржыландыруды тоқтатуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Ресей қаржы министрлігі 2016 жылдан бастап, "Байқоңырға" қаржы бөлуді тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы мәліметті Роскосмос басшылығына сілтеме жасаған "Известия" жазады.


Ресей қаржы министрлігі 2016 жылдан бастап, "Байқоңырға" қаржы бөлуді тоқтатуы мүмкін. Бұл туралы мәліметті Роскосмос басшылығына сілтеме жасаған "Известия" жазады.

Дереккөздің мәліметіне қарағанда, соңғы екі аптада федералдық бюджеттің 2016-2018 жылғы жобасында зымыран-ғарыш саласының позициясы нашарлаған. Басылымның мәлімдеуінше, қаржы көлемінің қысқаруы 2015 жылы іске қосылуы тиіс "Восточный" космодромының салынуымен байланысты болуы мүмкін.

"Бюджет жобасының алдыңғы нұсқасында Байқоңырға 2016 жылы 2,5 миллиард рубль бөлу қарастырылған болатын. Бұл қаржы қызметкерлердің жалақысы мен нысанның жұмыс қабілетін сақтап тұру үшін қажет. Біз одан көп сұрағанбыз. Алайда қаржы министрлігінде біздің өкілімізге көрсеткен бюджет жобасының соңғы нұсқасында, тіпті бір тиын да қарастырылмапты. Яғни бұл біздің космодромдағы мамандар ұжымына қаржы берілмейді деген сөз. Біздің өкіліміз неліктен қаржы қарастырылмай отырғанын сұрағанда, оған "қаржы жаңа құрылған Восточный космодромына бөлінеді" деп айтыпты" дейді басылымға берген сұхбатында Ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығының бас директоры Сергей Лазарев.

"Байқоңыр" - Қазақстан аумағында 1955 жылдан бастап жұмыс істеп тұрған халықаралық ғарыш айлағы. Бірлесіп кешен құрып отырған Байқоңыр қаласы мен "Байқоңыр ғарыш" айлағын Ресей 2050 жылға дейін жалға алған болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 480.4   533.87   5.33 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети