03 тамыз 2014 | 09:44

Украинада Boeing-777 ұшағы апатқа ұшыраған маңда қақтығыстар әлі де жалғасуда

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© РИА Новости © РИА Новости

 Украинада Boeing-777 ұшағы апатқа ұшыраған маңда ополченецтер мен қарулы күштер арасында қақтығыстар әлі де жалғасуда, Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

 Украинада Boeing-777 ұшағы апатқа ұшыраған маңда ополченецтер мен қарулы күштер арасында қақтығыстар әлі де жалғасуда, Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

Негізінен қақтығыстар Стежковское және Рассыпное елді мекендерінде ұшақтың кабинасы жатқан жерде қайталанды. Агенттіктің хабарлауынша, Украинада Boeing-777 ұшағы құлаған маңнан снарядтар мен атыстың дыбысы естіледі. Қақтығыстар толастамай тұрғандықтан журналистер сол жерге жете алмай, апат орнындағы авиациялық сарапшыларының жұмысын жария ете алмай отыр.  Boeing-777 ұшағы құлаған жерге халықаралық 70 сарапшы, сегіз бақылаушы барған болатын. 

Халықаралық сарапшылар Boeing апатқа ұшыраған жерге 28 шілдеде жетті, алайда олар тек 31 шілдеде ғана ұшақ құлаған жерге жете алды. Өткені Украина президенті Петр Порошенконың  апат болған маңда оқ атуды тоқтатуға бұйрық бергеніне қарамастан сол маңда қарулы қақтығыстар тоқтар емес. Жетпіс адамнан тұратын сарапшылар халықаралық сарапшылар тобы Boeing-777 құлаған жерге бірнеше күн жете алмады.

Естеріңізге сала кетейік, малайзиялық  Boeing-777 ұшағы 17 шілдеде апатқа ұшыраған болатын. Ұшақ Амстердамнан Куала-Лумпурға қарай бағытталған. 15 экипаж мүшесін қосқанда ұшақта барлығы 298 адам болған. Олардың барлығы қаза тапты. Осы жағдайдан кейін ұшақ апатына Киев билігі мен батыс елдері ополченецтерді кінәлады. Алайда ополченецтер өздерінде 10 мың метр биіктікте ұшқан ұшақты атып түсіретін қарудың жоқтығын айтып ақталды. 

Апат болған маңнан табылған ұшақтың өздігінен жазу құрылғысындағы алғашқы деректер ұшақты зымыранның атқанын көрсетіп отыр. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer