04 тамыз 2014 | 10:20

Ресей "Бурбон" вискиінен қауіпті заттар тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©РИА Новости ©РИА Новости

АҚШ-та өндірілетін "Бурбон" вискиінен қауіпті заттар табылды, - деп хабарлайды РИА Новости Роспотребнадзорға сілтеме жасап. Алкоголь өнімі Кеден одағы талаптарына сәйкес келмегендіктен мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та өндірілетін "Бурбон" вискиінен қауіпті заттар табылды, - деп хабарлайды РИА Новости Роспотребнадзорға сілтеме жасап. Алкоголь өнімі Кеден одағы талаптарына сәйкес келмегендіктен мемлекеттік тіркеуден өткізілмеген.

"Бұл спирттік ішімдіктен орталық және перифериялық жүйке жүйесінің, эндокринді жүйенің өзгеруіне, онкологиялық аурулар мен ер адамдардың және әйелдердің бедеулігіне соқтыратын фталаттар анықталды", - делінген таратылған хабарламада. 

Роспотребнадзордың мәліметінше, "Бурбон" вискиі (Америкалық Barton 1792 Distillery компаниясының (КЕНТУКИ СТРЭЙТ БУРБОН "КЕНТУКИ ДЖЕНТЕЛЬМЕН" вискиі) Кеден одағы техлегламенті талаптары бойынша мемлекеттік тіркеуден өтпеді. Дегенмен виски тауарбелгісінде Кеден одағына мүше елдер нарығына арналған "ЕАС" бірыңғай таңбасы көрсетілген. 

Қазіргі уақытта "Бурбон" вискиінің мемлекеттік тіркеуден өткізілмеу дерегі бойынша тексеру жүріп жатыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Роспотребнадзор америкалық McDonald's мейрамханалар желісінен бургер өндірісіндегі заңсыздықтарды әшкерелеген болатын. Ведомствоның мәліметінше, бұл өнімдер өз құрамындағы май, ақуыз, көмірсу мөлшері және энергетикалық құндылығы жөнінен технологиялық нормалардан ауытқиды.

 

 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer