04 тамыз 2014 | 12:10

Девальвация дүрбелеңі неге туды?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Алаш айнасы иллюстрациясы ©Алаш айнасы иллюстрациясы

Күні кеше Алматы мен Астана халқы валюта айырбастау пункттерін жағалап доллар үшін төбелесуге дейін барды. Халық «теңге құнсызданады» деген қауесеттен соң жаппай долларды сатып ала бастады. Тіпті көк қағаздың құны бір түнде 187 теңгеге дейін шарықтап шыға келіп, бұдан соң валюта айырбастау пункттерінде ұзын-сонар кезек басталып кетті. Тіпті Астанада көк қағазды сатып алуға таласқан бұқараны тыныштандыру үшін полиция қызметкерлері де іске араласты. Ал Алматының халқы бірқатар банктерге барып теңгелік депозиттерін долларға айырбастап қойып барып тынышталды. Осы ретте «Алаш айнасы» халықтың дүрлігуіне не себеп болғанын тізбелеп көруді жөн көрді?!

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Күні кеше Алматы мен Астана халқы валюта айырбастау пункттерін жағалап доллар үшін төбелесуге дейін барды. Халық «теңге құнсызданады» деген қауесеттен соң жаппай долларды сатып ала бастады. Тіпті көк қағаздың құны бір түнде 187 теңгеге дейін шарықтап шыға келіп, бұдан соң валюта айырбастау пункттерінде ұзын-сонар кезек басталып кетті. Тіпті Астанада көк қағазды сатып алуға таласқан бұқараны тыныштандыру үшін полиция қызметкерлері де іске араласты. Ал Алматының халқы бірқатар банктерге барып теңгелік депозиттерін долларға айырбастап қойып барып тынышталды. Осы ретте «Алаш айнасы» халықтың дүрлігуіне не себеп болғанын тізбелеп көруді жөн көрді?!

Алыпсатарларға алдандық па?

Жалпы, мамандар экономика заңдарының негізін білмеушілік қай мезетте болмасын үрей туғызатынын алға тартады. Мәселен, біреу бір нәрсе депті деп дереу ойға шому: қаражат қай валютада сақталған немесе ол дұрыс инвестицияланған ба, тек бұл ғана емес, сондай-ақ жаңалықтарды жіберместен тыңдау, теңге мен доллар бағамын қадағалау, банкке хабарласып, ең соңында көршінің айтқанына қатысты бір қап қант пен ұн немесе валюта сатып алуға жүгіру. Міне, мұндай жайттар біздің өмірімізде күнделікті кездесіп келеді. Сөз жоқ, мұндай қаржы сауатсыздығы адамның алдын буалдандырады. Алаяқтың шырмауына түсіреді. Мұндай дағдарыс кезінде түрлі алдамшылар халықтың абыржып қалғандығын пайдаланып, өз белсенділіктерін арттыра түседі. Халықтың қаржылық сауаттылығының төмен болу нәтижесі олардың көпшілігінің қолындағы қаражатты не істеу керектігін, оларды қайда инвестициялап, қалай сақтап қалуды білмейтіндігінен көрінеді. Міне, осындай білмеушілік салдарынан халықтың қолындағы ақша көп жағдайда алыпсатарлардың қолына түседі. Бұдан солар пайда көріп, кірісін көсіп ала түседі.

Жанайдар Қасымбеков, Алматыдағы валюта айырбастау нүктесінің директоры:

– Осы жолғы дүрбелең кезінде екінші деңгейлі банктердің бірқатары АҚШ валютасын сатуды шектеген. Осы сәтте алыпсатарлар да лезде пайда болып, долларды 190-ға дейін көтеріп жібергендері болды. Қазірдің өзінде алыпсатарлар 1 долларды 184 теңгеден сатып жатыр. Міне, халықтың сауатсыздығын, олар осылай пайдалануда. Сондықтан қарапайым халық экономика негіздерін бағдарлап сауатын аша түссе мұндай дүрлігуге негіз болмас еді. Қазірде мұнай бағасы тұрақты, алтын валюта қоры өсім беруде сондықтан адамдарды қаңқу сөзге сенбеуі тиіс.

Көршінің көңіл күйі де халыққа әсер етуде

Қаржы сауаттылығы өз алдына, көрші Ресейдің жағдайы да халықты алаңдатып отырған жайы бар. Бұған қатысты сарапшылар «доллардың бағамын аңдып, күн сайын әрбір қаңқу сөзге селт етіп отыратын бұқараның жөні бар» дейді сарапшылар.

 

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer