04 тамыз 2014 | 18:35

Павлодар тұрғыны қола дәуірі адамының қаңқасын тапты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©REUTERS ©REUTERS

Павлодар облысының тұрғыны қоқыс төгілетін шұңқырдан қола дәуірі адамының қаңқасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Павлодар облысының тұрғыны қоқыс төгілетін шұңқырдан қола дәуірі адамының қаңқасын тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мырзабек Сейтахметов көне дәуірден жеткен сүйектерді өз ауласынан тапқан. "Аулада қоқыс төгетін шұңқыр қазған кезде, 1,5 метр тереңдіктен адамның қаңқасы шықты. Сүйектердің қасында шақпаққа ұқсас екі зат пен алты асық жатты. Маған мұның қандай мола екенін білу қызық болып кетті", - дейді ол.

Тұрғын жергілікті өлкентану мұражайының қызметкерлеріне табылған сүйек жайлы хабарлаған. Мамандар қаңқаның төрт мың жыл бұрын жерленгенін анықтады. "Мола біздің дәуірімізге дейінгі 16-15 ғасырларға, яғни ерте қола дәуірінен Андронов кезеңіне дейінгі уақытқа жатады. Өкінішке қарай, сүйектер нашар сақталған. Бірақ тістеріне қарағанда, бұл - 60-65 жастағы ер адам. Қабірінде ешқандай керамика бұйымдардың болмағанына қарағанда, бұл - қарапайым адам. Табылған қалдықтар ақпараттық материал ретінде ғылым үшін тарихи құндылыққа ие. Оның үстіне, бұл қабір ерте қола дәуіріне жатады, ал ол кезеңнің жәдігерлері тым аз", - дейді Павлодар облыстық өлкетану мұражайының ғылыми қызметкері Георгий Пересветов.

Ғалымның айтуынша, қаңқа табылған жер адамдар жаппай жерленген үлкен зират болуы мүмкін. "Қола дәуірінде адамдарды бір-бірлеп жерлемеген. Отбасылық, рулық зираттар болған, яғни мына сүйектің қасында басқа да қабірлердің барына күмән жоқ. Екі жыл бұрын осы өңірден сол дәуірдің қорымының орны табылды, бірақ ол жерден керамика бұйымдар шыққан болатын", - дейді Пересветов. Оның айтуынша, бұл маңда жер телімдері тұрғын үй құрылысы үшін беріле бастағалы бері жер астынан көне адамдар сүйектері табылып жатыр.

Еске сала кетейік, осындай жағдай 2011 жылы да болған еді. Павлодар облысы Лебяжі ауданындағы Қылықоғам ауылының тұрғыны Ерлан Жұмаханов өз ауласында дәретхана шұңқырын қазып жатқан кезде, екі метр тереңдіктен балшықтан соғылған құмыра мен қола дәуірі адамының сүйегін тапқан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer