04 тамыз 2014 | 19:29

Жұмыс берушілердің қызметкер алдындағы қарызы 3 есеге кеміді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото tengrinews © мұрағатынан алынды Фото tengrinews © мұрағатынан алынды

Қазақстанда жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы қарызы үш есеге дейін төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жұмыс берушілердің қызметкерлер алдындағы қарызы үш есеге дейін төмендеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Республикамыздағы аймақтар бойынша еңбек қатынастары жағдайы туралы ҚР еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті. Еңбек министрінің сөзіне қарағанда, құқықтық қадағалауды реттеу шарасына мемлекеттік органдардың дер кезінде араласуына байланысты тараптар арасында туындаған дау-дамайлар өз уақытында реттеліп отырған. Ағымдағы жылғы ақпан мен шілде айларында елімізде жұмысшылар алдындағы қарыз үш есеге кеміп, 253 миллион теңгені құрады", - делінген әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынасын реттеу жөніндегі Республикалық үшжақты комиссияның (РҮК) қорытынды мәжілісінің баспасөз мәлімдемесінде.

Атап өтерлігі, ағымдағы жылы республикамызда жалпы саны 10 еңбек дауы тіркелген, оның ішінде Маңғыстау облысында  - 4, Астана қаласы, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Атырау облысының әрқайсында бір бірден еңбек дауы шықты. Дүйсенованың айтуынша, жұмыс берушілер мен қызметкерлер арасындағы дау-дамау кейінгілердің айлық жалақыны көтеруді және уақытылы беруді талап етуінен орын алып отырған.  

РҮК әлеуметтік серіктестік, әлеуметтік және еңбек қатынасы жөніндегі мәжілісті селекторлық режімде ҚР премьер-министрінің орынбасары Бақытжан Сағынтаев жүргізді. Комиссия жұмысына орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, аймақтық кәсіпкерлер палатасы және кәсіподақ өкілдері қатысты. Мәжіліс барысында сондай-ақ, Еңбек күнін атап өтудің  жоспары мақұлданып, Қазақстан үкіметімен 2015-2017 жылдарға арналған жұмысшылар мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктерінің бас келісім жобасы талқыға салынған.

Мәжілісті қорытындылаған Сағынтаев серіктестік қатынаста жұмысшылармен қатар, жұмыс берушілердің де құқықтық білімін көтеру керектігі атап өтті. Ол сондай-ақ, жұмысшылар алдындағы қарызды өтеу мәселесін тиімді шешуді тапсырды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer