04 тамыз 2014 | 21:26

Facebook-ке қарсы түскен шағымды 11 мың адам қолдады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото TechCrunch.com. сайтынан алынды Фото TechCrunch.com. сайтынан алынды

Жеке адамдар туралы мәліметтерді заңсыз жинағаны үшін Facebook-ке қарсы түскен шағымды 11 мың еуропалық қолдады, деп хабарлайды TechCrunch. Бұл деректі БАҚ-қа Europe vs Facebook - Еуропа Facebook-ке қарсы қозғалысының өкілдері ұсынған. Олардың мәлімдеуінше, сотқа шағымданушылар арасында негізінен немістілді 50-ден астам елмен қатар, Нидерланд, Финляндия, Ұлыбритания және Оңтүстік Америка тұрғындары да бар.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жеке адамдар туралы мәліметтерді заңсыз жинағаны үшін Facebook-ке қарсы түскен шағымды 11 мың еуропалық қолдады, деп хабарлайды TechCrunch. Бұл деректі БАҚ-қа Europe vs Facebook - Еуропа Facebook-ке қарсы қозғалысының өкілдері ұсынған. Олардың мәлімдеуінше, сотқа шағымданушылар арасында негізінен немістілді 50-ден астам елмен қатар, Нидерланд, Финляндия, Ұлыбритания және Оңтүстік Америка тұрғындары да бар.

Австриялық заңгер Макс Шремнің дәл осы әлеуметтік желінің үстінен шағым түсіруіне тұрғындардың құқықтары бұзылып, жекелеген адамдар туралы мәліметтер заңсыз жиналғаны туралы ақпараттың расталғаны себеп болған. Заңгердің ойынша, Facebook көп жағдайда мәліметтерді тұрғындардың келісімінсіз, әрі желіні пайдаланушылардың іс-әрекетін жанама сайттар арқылы бақылап, қажетті деректерді тбарар жеріне жіберіп отырған.  

Шремс, соттың Facebook үстінен түскен әр арыз-шағым үшін 500 евро көлемінде айыппұл салдыруға күш салатынын жеткізді. Ол үшін тұрғындар Europe vs Facebook қозғалысының сайтына тіркеліп, жеке құжаттардың көшірмелерін жіберулері тиіс. Заңгер сот өтуі тиіс ел деп өз отаны Ирландияны ұсынып отыр. Оған негіз де жоқ емес. Бұл елде Facebook-тің еуропадағы штаб-пәтері орналасқан. Бұл іске қатысты дау әлемдегі ең ірі әлеуметтік желінің арнайы тегтердің көмегімен жанама сайттар арқылы пайдаланушыларды аңду туралы шешім қабылдағаннан кейін шыққан болатын. Ол кезде әлеуметтік желінің мұндай шешім шығаруына нақты жарнамаларды іректеу деп түсіндірілген. Әлеуметтік желіде тұрғындардың мәліметтерді жинау қызметінен бас тартса да болады деп көрсетілген еді.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer