05 тамыз 2014 | 14:11

Қайыр сұраушылар мен жезөкшелерге айыппұл салынады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда адамдардың мазасын алатын жезөкшелер, қайыр сұраушылар мен балгерлер жазаланатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адвокат Джохар Өтебековтің айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында бұл әрекет үшін айыппұл төлеу мен тұтқындау қарастырылған. Әзірше жезөкшелерде көшеде еркін жұмыс істей бермек, құқық қорғау органдары арагідік оларды аты-жөнін анықтау үшін ғана полиция учаскесіне әкеліп тұрады.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Қазақстанда адамдардың мазасын алатын жезөкшелер, қайыр сұраушылар мен балгерлер жазаланатын болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Адвокат Джохар Өтебековтің айтуынша, Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің жаңа редакциясында бұл әрекет үшін айыппұл төлеу мен тұтқындау қарастырылған. Әзірше жезөкшелерде көшеде еркін жұмыс істей бермек, құқық қорғау органдары арагідік оларды аты-жөнін анықтау үшін ғана полиция учаскесіне әкеліп тұрады.

"Қоғамдық орындарда жабысу" аталатын жаңа бап бойынша жұртты мезі қылатын қайыршылар, балгерлер мен жезөкшелерге бірінші заңбұзушылығы үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады, заңды қайта бұзғандар қамауға алынады. Өтебеков ешкімге кедергі келтірмейтін жезөкшелер мен қайыршыларға бұл баптың қатысы болмайтынын айтты. "Әкімшілік хаттаманы ішкі істер органдары қызметкерлері толтыратын болады. Заң шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғаларға мейлінше қатаң қарамақ. Қоғамдық орындарда бір рет жұрттың мазасын алғаны үшін олар бес тәулікке дейін қамалуы мүмкін, кейін ел аумағынан шығарылады. Жаңа талап Мәскеу тәжірибесін және Ресей астанасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексін негізге алған. Қазіргі уақытта жасөспірімдердің қайыр сұрауы ғана жазаланып отыр, ол үшін заң ата-анасына 20 АЕК көлемінде айыппұл салады. Егер ата-анасы немесе басқа азаматтар кәмелетке толмағандарды қайыршылыққа қасақана итермелеген болса, бұған қылмыстық жауапкершілік қарастырылады", - дейді Өтебеков.

Еске сала кетейік, Президент Әкімшілік құқықбұзушылық туралы жаңа кодекске қол қойған болатын. Ол әкімшілік-деликтілік заңнаманы жетілдіруге, азаматтардың қорғалғандығын арттыруға, заңға қарсы қол сұғулардан мемлекет мүддесін қорғауға бағытталған. Бұрын елімізде жұрттың мазасын алып, қайыр сұрау мен бал ашуға мәжбүрлеу әрекеті үшін ешкім жазаланбайтын, депутаттар бұл мәселені 2013 жылы көтерді. Жаңа заңға сай, қоғамдық орындарда адамдарға жабысып, өз қызметтері мен тауарларын ұсынатын саудагерлер мен жезөкшелер және басқа да тұлғалар жазаланатын болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.88  course up  543.02  course up  5.18  course up

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer