11 тамыз 2014 | 15:41

Назарбаев Ердоғанды сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған. ©Дмитрий Хегай Нұрсұлтан Назарбаев пен Режеп Тайып Ердоған. ©Дмитрий Хегай

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Түркия Республикасының премьер-министрі Режеп Тайып Ердоғанға президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанды Қазақстан халқының және жеке өз атынан Түркия үшін тарихи маңызы бар сайлаудағы жеңісімен құттықтады. "Сайлау нәтижелері Сіздің қоғамдағы беделіңіздің, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді еңсеруге және Түркияның халықаралық орнын нығайтуға бағытталған саясатыңызға көрсетілген кең қолдаудың айқын дәлелі болды, - делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасы халықаралық саясатта салмағы бар, жоғары дамыған елдердің біріне айналғанын атап өтті. "Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық ынтымақтастық деңгейіндегі бауырлас қарым-қатынастар нығая түсетініне кәміл сенемін, - делінген Назарбаевтың жеделхатында.

Хатының соңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Режеп Ердоғанға зор денсаулық, жаңа қызметіне толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына бейбіт өмір мен құт-береке тіледі.

Еске сала кетейік, Түркияда президент сайлауының алғашқы кезеңінің қорытындысы бойынша Ердоғанға сайлаушылардың 52%-ы дауыс берді. Ол басым дауысқа ие болғандықтан, елдің сайлау комиссиясы сайлаудың екінші кезеңінің өтпейтінін мәлімдеді. 

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 482.75   535.53   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети