14 тамыз 2014 | 20:18

Қазақстан мен Канада атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Канада елшісі Шон Стайл мен СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев. Сурет СІМ-нің ресми сайтынан алынды Канада елшісі Шон Стайл мен СІМ орынбасары Ержан Ашықбаев. Сурет СІМ-нің ресми сайтынан алынды

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты СІМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшіне енді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты СІМ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, 2014 жылғы 14 тамызда ҚР Сыртқы істер министрлігінде Министрдің орынбасары Ержан Ашықбаев пен Канаданың Қазақстандағы Елшісі Шон Стайл кездесіп, 2013 жылғы 13 қарашада Астанада қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Канада Үкіметі арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді пысықтаған.  Бүгін тараптар осы құжаттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындап, ноталармен алмасты.

"Күшіне енген келісім Қазақстан мен Канада арасындағы атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастықтың әрі қарай дамуының жаңа көкжиектеріне жол ашып, технологиялармен алмасуға және ауыл шаруашылығында, өнеркәсiпте, медицинада және энергетикада атом энергиясын пайдалану жөнiндегi бiрлескен жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді" делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 482.75   535.53   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети