Кір тасын ұршықша иіретін Әмірбай Рысқұлов өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кір тасын ұршықша иіретін Әмірбай Рысқұлов өмірден өтті Әмірбай Рысқұлов. ©Алаш айнасы

Кір көтеруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 77 жастағы Әмірбай Рысқұлов Беларусь елінің Витебеск қаласында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БЕЛТА" агенттігіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кір көтеруден Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, 77 жастағы Әмірбай Рысқұлов Беларусь елінің Витебеск қаласында өмірден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "БЕЛТА" агенттігіне сілтеме жасап. 

Спортшының қаза болуына байланысты Витебск қаласының полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. 77 жастағы Әмірбай Рысқұлов Витебскіге кір көтеруден әлемдік триатлон олимпиадасына барған. Ол қаза болар алдында Витебск орталық спорт аренасында 10 келілік кірді минутқа көтеріп жатқан. Жаттығуын аяқтап болғаннан кейін спортшы тұғырдан түсіп, бірден есінен танып қалды. Оған бірінші жедел жәрдем көмегі көрсетілді. Бірақ оқиға орнына келген дәрігерлер спортшының өмірін сақтап қала алмады.  

Оқиға болған жерде жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Олар оқиға болған жерді тексеріп, куәгерлерден жауап алуда. Жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуына қарағанда, Әмірбай Рысқұловтың жүрегі тоқтап қалған. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. 

Айта кетейік, Әмірбай Рысқұлов Алматы облысындағы Көксу ауданының Мәмбет ауылында дүниеге келген. Ол соңғы бес-алты жыл барысында кір көтеруден әлемдік, құрлықтық, халықаралық жарыстарда топ жарды.  

 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети