16 тамыз 2014 | 12:01

Алматыда қуатты жер сілкінісі болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қуатты жер сілкінісі болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасай отырып.


Алматыда қуатты жер сілкінісі болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасай отырып.

"14-20 тамыз аралығындағы  кординаттық есептеу φ=42о30′-44о00′N және λ=75о00′-80о00′Е болып шектеліп отыр. Алматыда 7 балдық және MSK-64 шкаласынан жоғары жер сілкінісі болмайды"  делінген хабарламада.

Еске салайық, тамыздың 15-інен 16-сына қараған түні Алматы облысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды.

Білім және Ғылым министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" мекемесінде 4-5 балл арасындағы күшті зілзала 16 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 3.42-де тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 41 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 482.75   535.53   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети