16 тамыз 2014 | 22:13

Маңғыстауда көлік апатынан 5 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото  tengrinews.kz Фото tengrinews.kz

Маңғыстау облысында Шетпе-Жетібай автожолында Opel Vectra және Niva-21214 көліктерінің соқтығысуынан бес адам қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы "Лада" интернет басылымы хабарлап отыр. 


Маңғыстау облысында Шетпе-Жетібай автожолында Opel Vectra және Niva-21214 көліктерінің соқтығысуынан бес адам қаза тауып, үш адам ауыр жарақат алды. Бұл туралы "Лада" интернет басылымы хабарлап отыр. 

Қаза болғандардың ішінде екі көлік жүргізушісі бар. Олардың бірі 32 жаста, екіншісі 28 жаста. Бұған қоса Opel Vectra автокөлігінің үш жолаушысы да қаза тапқан. Олардың бірі көлік жүргізушісінің 29 жастағы зайыбы, екіншісі 58 жастағы анасы және үшіншісі 53 жастағы ауылдасы. Ал Niva көлігінің ішінде болған үш жолаушы ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Қазір жол көлік апатының жай-жапсары анықталуда.

Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы құлдырады
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 482.75   535.53   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети