Боливияда Эбола безгегі белгілері бар адам оқшауланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боливияда Эбола безгегі белгілері бар адам оқшауланды

Боливия билігі елде Эбола безгегін жұқтырудың алғашқы дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды AFP.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Боливия билігі елде Эбола безгегін жұқтырудың алғашқы дерегін тергеп жатыр, - деп хабарлайды AFP.

Санта-Крус қаласының денсаулық сақтау қызметінің өкілі Роберто Торрес есімі жарияланбай отырған пациенттің Африканың бірнеше қаласында болғанын мәлімдеді. "Кеше біз жеке ауруханалардың бірінен үндістандық пациенттің безгектен, диарея мен құсудан емделіп жатқаны туралы хабар алдық", - деді ол.

Денсаулық сақтау бүкіләлемдік ұйымының соңғы мәліметі бойынша, Батыс Африкада Эбола безгенінен қайтыс болғандардың саны 1427 адамға жеткен. Эбола безгегіне қарсы ем мен тиімді вакцина болмай тұр, алайда індет тарағаннан кейін АҚШ пен Канада өндірушілері бұл жұқпалы ауруға қарсы препарат әзірлеуді қолға алатынын мәлімдеді. Денсаулық сақтау бүкіләлемдік ұйымы ауруды емдеу үшін адамдарға дәрі-дәрмекті сынақтан өткізудің этикаға қайшы емес екенін мақұлдады.

Эбола қанды безгегі - осы инфекцияны жұқтырған адамның қаны немесе іріңі, сондай-ақ ауру адам ұстаған заттар арқылы тікелей таралатын қауіпті індет. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети