Демалыс күндері солтүстікте жауын жауады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Демалыс күндері солтүстікте жауын жауады Фото novostiua.net сайтынан алынды

Қыркүйектің 6-8-і күндері Қазақстанда ауа райы әртүрлі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйектің 6-8-і күндері Қазақстанда ауа райы әртүрлі болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап. 

"Салқын циклон жақын күндері еліміздің солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарына өз ықпалын жүргізбей қоймайды. Соның салдарынан жауын жауып, жел күшейеді деп күтілуде. 8 қыркүйекте күндіз +12-17 градусқа дейін төмендесе, кей өңірде +20 градус шамасында болады", - деп көрсетілген аталған хабарламада.

Метеорологтардың мәліметіне қарағанда, салқын ауа райы республикамыздың шығысы мен орталығына 9 қыркүйекте жетеді. Ал сол күндері Қазақстанның батысы, оңтүстік батысы, оңтүстігі мен оңтүстік шығысында ауа райы жылы болады. Бұл аймақтарда күндізгі ауа температурасы 25-38 градус жылылықты көрсетеді.

Бұған дейін хабарланғанындай, еліміздің кейбір аймақтарындағы ыстық температура салқын ауамен алмасады делінсе, ал солтүстік өңірлерде 2-4 қыркүйекте үсік жүреді деп ескерту жасалған еді. Төменгі ауа температурасы Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында сақталмақ. Алматы облысында қатты ыстық болады.

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети