19 қыркүйек 2014 | 14:17

ҰҚК қызметкерлері дезертир шекарашыны ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қатардағы жауынгер Серік Дәулетбай. ©31 арна Қатардағы жауынгер Серік Дәулетбай. ©31 арна

Мерзімді әскери қызметтің дезертирлік жасаған сарбазы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Мерзімді әскери қызметтің дезертирлік жасаған сарбазы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кеше жарияланған жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің мамандары мерзімді әскери қызметтің қатардағы жауынгері Серік Дәулетбайды ұстады. Одан табельдік Макаров тапаншасы мен оқ-дәрілер тәркіленді. Тергеу шаралары жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 18 қыркүйек күні болды. Күндізгі кезекші сарбаздың жоғалып кеткені таңғы 07.00 шамасында анықталды. "Жоғалып кеткен әскери қызметшіге іздеу жарияланды, жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз хатшысы Оксана Парпура. Бас әскери прокуратура ҚР ҚК 255-бабының 4-тармағы - "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды жымқыру немесе бопсалау" бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram
Жаңа министр ант қабылдады

Валюта бағамы

 483.48   534.52   5.44 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети