Гитлер Перу провинцияларының біріне мэр болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гитлер Перу провинцияларының біріне мэр болды Ислай провинциясы картада.

Перуде Ислай провинциясының мэрі болуға үміткер Ричард Гитлер есімді азамат жергілікті сайлауда жеңіп шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Перуде Ислай провинциясының мэрі болуға үміткер Ричард Гитлер есімді азамат жергілікті сайлауда жеңіп шықты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Ол 47 пайыз дауыс жинап, жеңіске жетті. Гитлер "Ислай интеграциясы" қозғалысынан сайлауға түсіп, солшыл ұлтшылдардан қолдау тапқан. Ол сайлау науқанында тау-кен ісі секілді алып кәсіпорындар өнеркәсібін өркендетудің жоспарын құрған. 

Білімі бойынша химик Гитлер Але Крус 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ислай провинциясының астанасы Мольендо қаласының мэрі болады. 2007 жылдан бері ол билікте қызмет етіп келеді (Ол қатарынан екі мерзім аталмыш провинцияның Дин-Вальдивия ауданының басшылығына сайланған).

Перуде өткен жексенбіде жергілікті және аумақтық сайлау өтті, оған шамамен 21 миллион адам қатысқан. Перу сайлауында дауыс бері міндетті болып саналады. Егер азаматтар сайлау учаскесіне келмейтін болса, онда олар шамамен 60 доллар көлемінде айыппұл төлейді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.3  course up  588.03  course up  6.47  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети