Ерлан Қарин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқаратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ерлан Қарин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтын басқаратын болды Ерлан Қарин. ©Tengrinews.kz

ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұжымына жаңа директорды таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.


ҚР Президенті Әкімшілігінің жетекшісі Нұрлан Нығматулин Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұжымына жаңа директорды таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорда сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының қаулысымен институт директоры болып Ерлан Қарин тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ерлан Қарин әр жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі және "Нұр Отан" партиясының хатшысы лауазымдарында қызмет атқарды.

Қазақстан Республикасы жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты Президент Жарлығымен 1993 жылы маусымда құрылған. Оның негізгі міндеті - Мемлекет басшысы мен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қызметін ғылыми-талдаушылық қамсыздандыру.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 497.24  course down  586.74  course down  6.5  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети