Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге 70 миллион теңге жұмсалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өңіраралық ынтымақтастық форумын өткізуге 70 миллион теңге жұмсалды ©Тengrinews.kz

Қазақстан мен Ресейдің XI Өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға 70 миллион теңге жұмсалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан мен Ресейдің XI Өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға 70 миллион теңге жұмсалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовке сілтеме жасап. 

"Форумды ұйымдастыруға біз 70 миллион теңге жұмсадық, ол тек қана ұйымдастыру жұмыстарына жұмсалды. Тұрғызылған ғимараттарға келсек, Салтанат үйін біз Неке қию үйіне дайындап жатырмыз, ол осы мақсатпен салынды. Біз облыс орталығында тиісті ғимарат болмаған соң форумды өткізуге соны пайдаландық. Көрме орталығын біз Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына бердік, ол түрлі шаралар өткізуге қолданылатын болады. Басқа шығындар болған жоқ", - деді Ізмұхамбетов журналистердің сұрағына жауап беріп.

Еске сала кетейік, Атырауда форум 29-30 қыркүйек күні өткен болатын. Оның тақырыбы "Көмірсутектер саласындағы инновациялар" деп аталды. Қатысушылардың арасында тиісті министрліктердің жетекшілері, Ресей субъектілері мен Қазақстанның түрлі облыстарының және іскерлік орта өкілдері бар. Келесі форум Уфа қаласында өтеді. 

 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 510.18  course down  604.47  course up  6.52  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети