Мәскеудің "Внуково" әуежайының төрт қызметкері Total француз мұнай компаниясының басшысы Кристоф де Маржери қаза тапқан ұшақ апаты ісі бойынша күдікті ретінде ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
Мәскеудің "Внуково" әуежайының төрт қызметкері Total француз мұнай компаниясының басшысы Кристоф де Маржери қаза тапқан ұшақ апаты ісі бойынша күдікті ретінде ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости.
РФ Тергеу комитетінің ресми өкілі Владимир Маркин "Внуково" әуежайының қар тазалау жұмыстарына жауапты аэродром қызметінің жетекші инженері Владимир Леденев, әуежайдың ұшуларды басқарушысы Роман Дунаев, әуежайдың диспетчер-стажері Светлана Кривсун және апат кезінде "Внуково" әуежайының ұшу қозғалыстарына жетекшілік еткен диспетчер Александр Круглов ұсталғанын мәлімдеді.
Ұсталғандардан күдікті ретінде жауап алынды. Тергеушілердің пікірінше, бұл қызметкерлер ұшулар мен жерүсті жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген, бұл жайт қайғылы оқиғаға соқтырды.
Falcon жеке ұшағы 21 қазанға қараған түні апатқа ұшыраған еді. Төрт адам қаза тапты: Total мұнай-газ концернінің басшысы Кристоф де Маржери және экипаждың үш мүшесі. Ұшақ апатына ұшу жолағында оның қар тазалаушы машинамен соқтығысуы себеп болды.