Қазақстанда жолаушылар пойызы қысқы кестеге ауысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жолаушылар пойызы қысқы кестеге ауысады Фото © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда жолаушылар тасымалымен айналысатын пойыздар қазанның 26-сынан бастап жүру уақытын қысқы кестеге ауыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда жолаушылар тасымалымен айналысатын пойыздар қазанның 26-сынан бастап жүру уақытын қысқы кестеге ауыстырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол кестеде Астана-Қарағанды бағытына қатынайтын пойызды тәулігіне екі мәртеден үш мәртеге дейін, ал Астана-Бурабай шипажайы бағытына жүретін пойызды күніне бір мәртеден екі мәртеге ұзарту қарастырылған.

Биыл 29 қазаннан бастап, №69/70 Алматы-2 - Защита (Өскемен), қазанның 28-інен №35/36 Алматы-2 - Шымкент бағытына тағы екі жүрдек пойыз шығарылады.

Одан бөлек, осы жылдың соңына дейін Алматы-Защита (Өскемен) және Астана-Қызылорда бағытына қатынайтын екі жүрдек пойызды іске қосу жоспарланып отыр.

Ал қарашаның 14-інен бастап "Тұлпар-Тальго" пойызына жолақы құны бірден 35 пайызға төмендейтіні де белгілі болып отыр.

Төмендетілген баға сондай-ақ, №69/70  Алматы-2-Защита (Өскемен), №19/20 Астана-Атырау, №87/88 Ақтөбе-Астана, №79/80 Астана-Шымкент, №77/78 Алматы-Атырау, №49/50 Алматы-Ақтөбе, №35/36 Алматы-2-Шымкент, №67/68 Астана-Защита (Өскемен), №89/90 Астана-Қызылорда бағытына қатынайтын пойыздарға да енгізілетін болады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети