Өскеменде екі күннен бері жоғалып кеткен оқушы қыз іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде екі күннен бері жоғалып кеткен оқушы қыз іздестіріліп жатыр ©vk.com

Өскеменде жоғалып кеткен оқушы қыз екі күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды YK-news.kz. 17 жастағы оқушы 27 қазан күні үйінен шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз. Полиция өкілдері қыз отбасындағы келіспеушіліктен соң үйінен кетіп қалуы мүмкін деп тұспалдайды.

Құқық қорғау органдарына қыздың ата-анасы шағымданды. Туыстарының айтуынша, олар қызды соңғы рет 27 қазан күні ол мектепке бара жатқан кезде көрген. Сол уақыттан бері қыз үйіне келмеген, туыстарына хабарласпаған.

"Кеше кезекші бөліміне 27 қазан күні сағат 07.30 шамасында 17 жастағы оқушының үйінен кетіп қалып, оралмағаны туралы хабар келіп түсті. Ол отбасындағы келіспеушіліктің салдарынан үйіне оралмай жатқан болуы ықтимал. 11-сынып оқушысын іздеу жалғасып жатыр, әзірше ешқандай нәтиже жоқ", - деп хабарлады Өскемен ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі. Полицейлер мен қыздың туыстары оқушыны көрген немесе сол туралы білетін адамдардың бәріне 102 телефон нөмірі бойынша хабарласуды сұрайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети