Өскеменде жоғалып кеткен оқушы қыз үйіне оралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде жоғалып кеткен оқушы қыз үйіне оралды ©vk.com

Өскеменде екі күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы оқушы қыз үйіне оралды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Өскеменде екі күн бұрын жоғалып кеткен 17 жастағы оқушы қыз үйіне оралды, Tengrinews.kz тілшісіне бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қыздың анасы полицейлермен бірге оны екі күн бойы іздестірген, үйіне келген кезде қызын көреді. Ол аман-есен. Алдын ала мәлімет бойынша, отбасында жанжал болған, соның салдарынан 11-сынып оқушысы үйінен кетіп қалуды ұйғарады. Еске сала кетейік, бұған дейін құқық қорғау органдарына 27 қазан күні оқушы қыздың із-түссіз жоғалып кеткені туралы шағым түскені хабарланған еді.

Айта кетейік, Алматыда бірнеше ай бұрын 17 жастағы оқушы Мария Глушкова жоғалып кеткен еді. Адамдар оны соңғы рет мектеп бітіру кешінде - 19 маусым күні көрген. Қыздың анасы полициядан іздестіруді тоқтатпауды сұрап отыр, алайда ол туралы әлі күнге дейін қандай да бір ақпарат жоқ. Мария бұрын үйінен ешқашан ескертусіз кетіп қалып көрмеген. Полиция оның фотосуретін таратып, іздеу салды, іздеу жалғасып жатыр.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети