01 қараша 2014 | 22:42

Павлодар маңындағы жол-көлік оқиғасынан 2 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Павлодар маңында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №1 ауруханасының дәрігерлеріне сілтеме жасап.


Павлодар маңында болған жол-көлік апатынан екі адам қаза тауып, тағы бесеуі жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Павлодар қалалық №1 ауруханасының дәрігерлеріне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің мәліметі бойынша, жол апаты нәтижесінде бес адам түрлі деңгейдегі жарақатпен бес адам ауруханаға жатқызылды. Тағы екеуі қаза болды.

Жедел мәлімет бойынша Павлодарское ауылының маңында Toyota Surf және Audi автокөліктері соғысты. Куәгерлердің айтуынша, жол талғамайтын көлік қарсы бағыттағы жолға шығып кетіп, жеңіл көлікпен соғысқан. Нәтижесінде Audi көлігіндегі жолаушы салонында қысылып қалған. Оны автокөліктен шығару үшін құтқарушылардың көмегі керек болды. 

Қазіргі уақытта жол-көлік оқиғасы болған жерде жол полициясы қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жол апатының мән-жайы анықталу үстінде.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.88   533.49   5.44 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети