Ресей әскерінде роботтар ротасы болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей әскерінде роботтар ротасы болады ©Sdelanounas.kz

Ресейдің Қарулы күштері әскери роботтар ротасын жасақтайды, - деп хабарлайды Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің "Звезда" телерадиокорпорациясы. Әскери-өндірістік комиссия алқасының мүшесі Олег Мартьяновтың айтуынша, әскери роботтар әскери соғыс қимылдарына қолданылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейдің Қарулы күштері әскери роботтар ротасын жасақтайды, - деп хабарлайды Ресей Федерациясының Қарулы күштерінің "Звезда" телерадиокорпорациясы. Әскери-өндірістік комиссия алқасының мүшесі Олег Мартьяновтың айтуынша, әскери роботтар әскери соғыс қимылдарына қолданылады.

Оның айтуынша, мұндай бөлімшелер әрбір әскери аймақ пен флотта құрылады. "Қорғаныс министрлігі басшылығының шешіміне сәйкес, әрбір әскери округта және флотта әскери роботтары бар жеке роталар жасалады, оларды штаттық құрылымдар мен басқару органдары құрады", - деді ол. Оның пікірінше, осыдан екі жыл бұрын армияның мұндай техниканы қолдану туралы түсінігі де болмаған. Мартьянов қазір әскери жасақтарды роботтандыру қарқынмен жүріп жатқанын айтты, бұл, оның ойынша, соғысқа дайындықты жаңа деңгейге көтереді.

Оның айтуынша, мұндай бөлімшелер таяу уақытта жаттығуларға қатыстырылып, одан кейін әскери жарғыға түзетулер енгізіледі. "Екі жыл бұрын әскери қолданысқа роботтарды енгізу туралы нақты түсініктің де болмағанын есепке алсақ, армияның қазіргі қарқынмен роботтандырылу деңгейі, менің ойымша, соғысқа дайындықты жаңа деңгейге көтеріп жатыр", - деді Мартьянов. Оның айтуынша, Ресей армиясында әскери роботтар 2017-2018 жылдары жаппай пайда бола бастайды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети