Исламшылар ІІ Елизавета патшайымды пышақтамақ болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исламшылар ІІ Елизавета патшайымды пышақтамақ болған

Ұлыбритания астанасында ІІ Елизавета патшайымға қастық жасамақ болды деген күдікпен төрт исламшы ұсталды. Патшайымға Бірінші дүниежүзілік соғыстың тәмамдалу күнін тойлауға арналған салтанатты шарада шабуыл жасалуы тиіс болған, - деп хабарлайды The Sun газетіне сілтеме жасаған "РБК".

Басылым деректері бойынша, патшайым ел алдында сөз алған кезде оған пышақпен шабуыл жасау жоспарланған. Күдіктілердің жасы - 19 бен 27-нің аралығында. Сондай-ақ олар шабуыл кезінде оқталған қару қолдануларына да мүмкіндік болған деген дерек бар. Тергеу кезінде полиция Батыс Лондон мен Бакингемшир графтығын да тінтіген.

Басылым осы оқиғаға қарамастан Елизавета патшайым аталған шараға қатысудан бас тартпады деп жазады. Сонымен қатар патшайым өміріне қауіп төндірген бұл бірінші жайт емес екендігін де ерекше атап өткен. Патшайымға күйеуі Филиппен Австралияға ресми сапармен барған кезінде де қастық жасалмақ болған.

Қазан айының соңында Оттавада Канада азаматы Мишель Зихаф-Бибо қала орталығындағы Бірінші дүниежүзілік соғыс құрбандарына арналған мемориалда оқ атып, елді бір дүрліктірген. Бұдан кейін Канада парламенті ғимаратына енген ол полициялармен атысып, оққа ұшқан. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети