Америкалық миллиардер бүкіл әлемді ғаламторға қосып береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық миллиардер бүкіл әлемді ғаламторға қосып береді Элон Маск. © largedogs.org

SpaceX және Tesla Motors компанияларының негізін қалаған сондай-ақ PayPal төлеу жүйесін енгізген америкалық миллиардер Элон Маск тағы да бір ірі жобаны іске асыруды ойластырып жатыр. Кәсіпкер бүкіл әлемді ғаламтормен қамтамасыз ететін жер айналасындағы орбитаға 700-ге жуық телекоммуникацилық жерсерікті жіберуге ниетті, деп хабарлайды Naked Science.

Бір жерсеріктің бағасы бір миллион доллардан аспайды, ал жалпы ғарыш құрылғысының салмағы 101-115 келі. Бұл қазіргі коммуникациялық жерсеріктерден екі есе жеңіл. 

Бұл жобаны Маск дамып келе жатқан аймақтарға жоғары жылдамдықтағы ғаламторды арзан бағамен қамтамасыз ететін O3b Networks стартап жобасының негізін қалаушы Грег Уайлермен бірлесе іске асыруды ойластырып отыр. Бұған дейін Уайлер торға қажетті мүмкіндікті пайдалану үшін орбитаға 180 жерсерікті шығаруға байланысты  Google компаниясымен әріптес болған. 

Ғаламтор-жерсеріктерін шығару үшін Колорадо немесе Флорида штатында жаңа зауыт салыну жоспарлануда. Орбитаға құрылғыларды SpaceX компаниясының "Фалкон-9" зымырандары жеткізетін болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети