13 қараша 2014 | 21:49

Ұлттық қордан бөлінетін қаржы теңге бағамын реттейді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстанның Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығының сарапшысы Шолпан Сапарғали Ұлттық қордан бөлінген қаржы теңге бағамын реттейтінін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Мемлекеттік жеке-меншік әріптестік орталығының сарапшысы Шолпан Сапарғали Ұлттық қордан бөлінген қаржы теңге бағамын реттейтінін айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Сарапшының сөзіне қарағанда, Ұлттық қордың құрылуының басты себебі - осы, яғни мұнай бітіп, оның бағасы қатты құлдырап кетсе, біз қордағы резервті пайдаланамыз. Демек, қазір ұлттық қордағы қаржыны ел игілігіне жұмсайтын кез туып отыр. 

"Өнеркәсіпті дамыту, ЖІӨ өсімін өсіру, жаңа жұмыс орындарын ашу – маңызды факторлардың бірі. Бұлар өз кезегінде ұлттық валюта бағамына тікелей әсер етпек. Сондықтан да, аты аталған нысандарға тиісті қаржы бөлуге тура келеді", - дейді ол. Естеріңізге сала кетейік, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа жолдауында ұлттық қордан қосымша үш миллиард доллар бөлетіндігін айтқан еді.

Сарапшы бұл резервтің отандық өнеркәсіп пен инфрақұрылымдарды дамытуға жұмсалатындығын айтты. "Осылай елдің экономикалық жағдайын жақсартамыз", - дейді ол. "Дағдарыс – бұл сын сәт. Дәл осы дағдарыс, біле білсек, инфрақұрылымдарды жетілдірудегі іс-әрекеттерге "қан жүгіртетін" аралық. Ал мұндай "қан жүгірту" - дағдарыстан кейінгі кездегі экономиканы қалпына келтіруге дайын тұрудың бірден бір жолы", - деп санайды сарапшы.

Шолпан Сапарғали "2015 жылы Ұлттық қордан 500 миллиардқа жуық теңге бөлініп, оның шағын және орта бизнесті жандандыруға жұмсалатынын және ірі кәсіпорындарға деп 100 миллиард теңге қарастырылып отырғандығын", - айтып қалды. Сонымен қатар, проблемалық несиелер мәселесін шешуге 250 миллиард теңге, "Қорғас" - арнайы экономикалық аумақ пен Ұлттық индустриалды мұнайхимия технопаркінің құрылыстарына 81 миллиард қарастырылып отыр екен. Ал ЭКСПО-ға 40 миллиард, астаналық әуежай құрылысына 29 миллиард теңге бұйырмақ.

"ФИНАМ" инвестициялық холдингінің сарапшысы Антон Сороко болса, "Қазақстанның мемлекеттік шығыны 2013 жылы ЖІӨ-нің 10,7 пайызын немесе 18,5 миллиард долларды құрады", -  дейді. Оның пайымынша, бөлінгелі отырған үш миллиард елге ЖІӨ-нің 12,4 пайыздайындай шығын келтірмек. "Демек, елдегі ЖІӨ-нің шығыны бір жылда 1,5-2 пайызға артады. Бір жағынан мемлекеттік шығынды өсіру елдің әл-ауқатын ұзақ мерзімде дамыту кезінде үлкен тәуекел. Мұндай жағдайда бәсекелестік төмендеп, ол өз кезегінде экономиканың тиімділігіне кері әсер етпей қоймайды. Осының салдарынан тағы қосымша қаржы бөлуге тура келеді", - дейді ол Ұлттық банктен бөлінгелі отырған қаржы мәселесіне қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.55   533.98   5.37 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети