Алматыда қуаты 3-4 балл жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда қуаты 3-4 балл жер сілкінісі болды

Алматыдан оңтүстікке қарай 106 шақырым қашықтықта 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан оңтүстікке қарай 106 шақырым қашықтықта 5,6 магнитудалы жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа - Жерорта теңізі сейсмология орталығына сілтеме жасап.

Орталықтың мәліметінше, жер сілкінісі 14 қараша күні Астана уақыты бойынша сағат 07.24-те тіркелді. Оның эпицентрі Қырғызстан аумағында - Шолпан Ата қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 40 шақырымда анықталды. Тереңдігі - 47 шақырым. 

Ал ҚР БҒМ Ғылым комитеті Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының сайты Алматыдан оңтүстікке қарай 130 шақырымда 6,0 магнитудалы жер сілкінісі болды деп хабарлайды. Алматыда жерасты дүмпулері 3-4 балл түрінде сезілді.

Еске сала кетейік, 8 қараша күні Қазақстан мен Қытайдың шекарасында 4,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 275 шақырымда орналасқан. 9 қараша күні Қазақстан мен Қытай шекарасында тағы бір жер сілкінісі тіркелді, магнитудасы - 4,4. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 501 шақырымда Қытай аумағынан анықталды. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети