Қандай ауа райы кезінде Астанада сабақтардың тоқтатылатыны хабарланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қандай ауа райы кезінде Астанада сабақтардың тоқтатылатыны хабарланды ©Тұрар Қазанғапов

Астана қалалық білім басқармасы елордадағы оқу орындарында сабақты кейінге қалдырудың өлшемдерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана қалалық білім басқармасы елордадағы оқу орындарында сабақты кейінге қалдырудың өлшемдерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Оқу жылының қысқы кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және денсаулықтарын сақтау мақсатында білім беру ұйымдарында сабақты кейінге қалдырудың Астана қаласы әкімдігімен бірге келісілген параметрлері бар: секундына 2 метрге жететін және одан асатын жел кезінде ауа температурасы 25 градус және одан төмен болған жағдайда 1-4 сыныптарда; секундына 2 метрге жететін және одан асатын жел кезінде температура 30 градус және одан төмен болғанда 1-11 сыныптарда; жел екпіні секундына 15-20 метрден асқанда, температура жоғарылағанда (екпінді жел, боран, көріну мүмкіндігінің нашарлауы) колледждерде (1-2 курстар) сабақ тоқтатылады", - делінген хабарламада. 

Білім басқармасы сабақтың кейінге қалдырылуы туралы ақпаратты қайдан алуға болатынын хабарлады. ""31 арна" мен СТВ-да  6.45-тен 7.00-ке дейін (І ауысым) және 12.15-тен 12.30-ға дейін (ІІ ауысым) жүгіртпе жолмен, сонымен бірге, "Алма ТВ", Астанателеком Digital ТВ ақпараттық кабельді арналардағы хабарландырулар түрінде және "Хабар", "Қазақстан-1", "ОРТ Қазақстан", "Астана ТВ" , КТК, НТК" арналарында "дауыстық қамту" жолымен беріледі", - деп түсіндірді басқарма өкілдері. 

Сонымен бірге, сабақтың кейінге қалдырылуы туралы ақпаратты "Радио-Астана", "Ретро-FМ", "Қазақстан-РВ", "Авторадио", "Шалқар" радиотолқындары арқылы; 118-01 ( 9.00-18.00 аралығында ), 169 (тегін), 109 (ұялы телефоннан тегін) телефон нөмірлеріне хабарласып және Астана қаласы әкімдігінің www.astana.gov.kz сайтынан 6.45-тен бастап (І ауысым) және 11.45-тен бастап (ІІ ауысым) алуға болады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.28  course up  602.54  course up  6.69  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети