Желілерде Қадыровтың терроршымен сөйлескені түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Желілерде Қадыровтың терроршымен сөйлескені түсірілген видео пайда болды Рамзан Қадыровтың ланкеспен сөйлесіп жатқан сәт © youtube.com/Gorec TV

YouTube видеохостингінде Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың желтоқсанның 4-і күні Грозныйға шабылдаған ланкестің бірімен телефон арқылы сөйлесіп тұрғанын айғақтайтын видео жарияланды.
 

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеохостингінде Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың желтоқсанның 4-і күні Грозныйға шабылдаған ланкестің бірімен телефон арқылы сөйлесіп тұрғанын айғақтайтын видео жарияланды.
 

Шешен тілінде өткен әңгіме барысында Қадыров қарсыласына Қасиетті Құранда жазылған сөйлемдерді дұрыс түсінбегендігіне көз жеткізуге тырысқан. Шешенстан басшысы әлгі діни фанатқа "кәпірлермен" соғысқаннан гөрі, керісінше "жақындарға қамқор болу, Жиһаттың ең үлкені осы", - деді.

Әңгіме барысында Қадыров қарсыласынан Құрандағы кейбір аяттарды түсіндіріп беруге өтініш білдіріп, бүлікшілер әрекеті толықтай дұрыс деп табылса, онда ол қарсы жақтың барлық талаптарын орындауға дайын екенін жеткізген.

Рамзан Қадыров жұма күні бүлікшілердің көзін жоюға бағытталған арнайы операция кезінде өзінің жақын туыс бауыры 22 жастағы Умар Қадыровтың қаза тапқанын айтқан болатын. Ол сондай-ақ, бүлік шығарып, кісі өлтірген қарақшылардың есімдері анықталатын болса, онда олардың отбасы мүшелері де ел аумағынан қуылатынын айтқан болатын.  

Одан бөлек Рамзаен Қадыров шешенстандық күш құрылымдарына елге шабуыл жасаған терроршыларды ашық түрде қолдаған украиндық үш депутатты қолға түсіріп, Шешенстанға алып келуге тапсырма берген.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети