Геннадий Головкин әлемнің ең үздік бес боксшысының қатарына кірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин әлемнің ең үздік бес боксшысының қатарына кірді ©Tengrinews.kz

Қазақстандық Геннадий Головкин әлемнің ең үздік бес боксшының қатарына кірді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Рейтингті боксқа арналған танымал Boxingnews24.com америкалық спорт порталы жасады. Геннадий Головкин бұл рейтингте бесінші орында тұр. ТОП-10 тізімінің басында Флойд Мейвезер-кіші тұр, ал одан кейін Владимир Кличко, Гильермо Ригондо және Мэнни Пакьяо тұр.

Басылым қазақстандық боксшының кәсіби рингте 31 кездесу өткізіп, барлығын, оның ішінде, 28 рет нокаутпен жеңгенін жазды. Айта кетейік, бұл кездесудің 13-і титулға таласу жекпе-жегі еді. "Бұл жігіттің P4P аясында бірнеше жылға ТОП-3 қатарында болып, PPV-кездесулер (ақылы трансляциялар) өткізе бастайтынына сенімдімін. Рубионың Чавес-кішіге қарсы қалайша 12 раундқа дейін шыдағанын, Гилдың Баркер мен Штурмға қарсы 12 раунд шыдас бергенін көрдік. Маклиннің Мартинеске қарсы 11 және Штурмға қарсы 12 раунд қарсылық танытқанын көрдік, сонымен қатар Ишиданың Киркландты бірінші раундта нокаутқа түсіріп, Пол Уильямспен толық кездесу өткізгенін көрдік. Геннадий Головкин осы айтылған жігіттерді ауыр нокаутқа түсірді", - деп жазады мақала авторы.  

Айта кетейік, осыған дейін Boxingnews24.com Геннадий Головкинді 2014 жылдың ең үздік он боксшының қатарына кіргізген еді. Толығырақ мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети