Магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі Алматыдан 77 шақырымда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Магнитудасы 4,5-ке тең жер сілкінісі Алматыдан 77 шақырымда болды ©Тengrinews.kz

Қазақстан аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан аумағында магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 11 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 07.45-те тіркелді. Оның эпицентрі Алматыдан шығысқа қарай 77 шақырымда анықталды. Тербелістің энергетикалық класы - 9,1. Дүмпу 30 шақырым тереңдікте болды. Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы мәлімет жоқ. Алматыда жер сілкінісі сезілмеді. 

Еске сала кетейік, 10 желтоқсан күні Астана уақыты бойынша сағат 06.50-де Алматыдан шығысқа қарай 385 шақырымда жер сілкінісі болған еді. Магнитудасы 4,1-ге тең сілкіністің ошағы Қытай аумағында, бес шақырым тереңдікте анықталды. Оның энергетикалық класы - 9,5. Зардап шеккендер мен қираған нысандар болған жоқ. Алматыда жер сілкінісі байқалмады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети