1 қаңтардан бастап барлық категориядағы оң рульді көліктерге тыйым салынады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

1 қаңтардан бастап барлық категориядағы оң рульді көліктерге тыйым салынады - БАҚ ©auto.newsko.ru

Құрамына Қазақстан, Ресей және Беларусь елдері кіретін Кеден одағы территориясында 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық категориядағы оң рульді автокөліктерге тыйым салынады. Кеден одағына мұндай автокөліктер енді кірмейтін болады. Мұндай шектеулер "Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінде қарастырылған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Мұнымен қатар, келесі жылдан бастап дөңгелекті жаңа көлік құралдарында жедел қызметті шақыруға арналған жүйе қондырылатын болады. Бұл арқылы құтқарушылар жол апаты кезінде жылдам әрекет етуге мүмкіндік алады және өз уақытында жасалған мединицалық көмектің арқасында апат салдарын жеңілдетеді.

Қазақстан, Ресей және Беларусь елдеріндегі автокөліктерге құжаттардың бірыңғай пакеті болады, оған бірыңғай сақтандыру және көлік құралының куәлігі кіреді. Ал сараптама зертханалары мен сынақ орталықтары бірыңғай стандарттармен жұмыс істейді. Мамандар машиналарды қалай және қандай параметрлерде тексеру керектігін білуі тиіс. 

"Автокөлікті полиция органдарына тіркеуден бұрын сіз оның қауіпсіз екенін және оны базарға шығаруға болатынын білдіретін сәйкестендіру құжатын алуыңыз керек. Бұл, әрине, өндірушілерге көбірек қатысты. Ал тұрғындар үшін біз қауіпті азайтуға тырысамыз. Жалпы айтқанда біз көлікті аулада немесе қалада айдау үшін ғана емес, оның Кеден одағы елдерінде де жүруі үшін аламыз", - деді "ҚазИнСт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Арман Шаққалиев.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети