Назарбаев тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу қажеттігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назарбаев тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу қажеттігін айтты Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу қажеттілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елімізде тағы бір мұнай өңдеу зауытын салу қажеттілігі туралы айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Астанада Индустрияландыру күніне арналған жалпыұлттық телекөпір барысында 15 жобаның тұсауы кесілді. Атырау облысындағы хош иісті көмірсутектер өндіретін кешенді іске қосу барысында Мемлекет басшысы: "Дағдарыс кезеңінде, мұнай мен газ бағасының төмендеуі кезінде қайта өңдеу жағдайдан шығудың жолы болмақ. Біз мұны жасаймыз. Бізге жаңа мұнай өңдеу зауытын салу, жаңа өнімдерді көбірек шығару қажет", - деді. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның төртінші мұнай өңдеу зауытын салудан бас тартқаны хабарланған еді. Бүгін салтанатты жағдайда "онлайн" режимінде еліміздің түрлі аймағында Индустрияландыру картасына енген 15 жоба іске қосылды. Атап айтқанда, титан құймалары мен балқымалары өндірісінің зауыты (ШҚО), алтын өндіруші фабрика (Қарағанды облысы), Ақтөбе рельс-арқалық зауыты және тағы басқалар.

2014 жылы Индустрияландыру картасындағы барлығы 150 жаңа жоба іске асырылды.  

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети