25 желтоқсан 2014 | 16:58

Батыс Қазақстанда 9000-нан астам тұрғын жарықсыз отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©vk.com ©vk.com

Батыс Қазақстан облысының бес ауданындағы 9000-нан астам тұрғын бесінші күн жарықсыз отыр, - деп хабарлайды "Мой город".


Батыс Қазақстан облысының бес ауданындағы 9000-нан астам тұрғын бесінші күн жарықсыз отыр, - деп хабарлайды "Мой город".

Порталдың хабарлауынша, 19 желтоқсан күні жауған жаңбырдан кейін өңірдегі электр желілеріне мұз қатқан. 20 желтоқсан күні өңірде төтенше жағдай жарияланды. Алғашқыда 40 елді мекендегі 37 мыңнан астам жарықсыз қалды, 24-і күні кешкісін 21 елді мекенде ғана жарықтың қалпына келтірілмегені хабарланды. Бұл - 9000-нан астам тұрғын.

Облыстың бес ауданындағы жарықсыз отырған елді мекендерде электр желілерін қалпына келтіретін бригадалар ұйымдастырылды. Сырым ауданында 255 электр тарату бағаны, Ақжайық ауданында - 26, Теректі ауданында - 259, Шыңғырлау ауданында - 155, Қаратөбе ауданында - 180, Бөрілі ауданында 30 баған зақымданған. 

Ақпарат құралының хабарлауынша, 24 желтоқсан күні кешкісін осы жағдайға жауапты шенеуніктер облыс әкімінен сөз естіген. "Жаңа жылға дейін қосамыз деп қоясыздар, Жаңа жыл 15 күннен кейін болатын болса, 15 күнге созасыздар ма?! Тұрғындарға жарық берілуі керек! Төтенше жағдай жарияланды, күштер жасақталды - шара қолданыңыздар", - деді Нұрлан Ноғаев "ЗапКазРЭК" АҚ жетекшісі Қуат Мусин мен облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Рысбай Өтешевке.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.61   535.12   5.24 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети