Қостанайда қазақ-түрік лицейінің оқушылары астан уланып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қостанайда қазақ-түрік лицейінің оқушылары астан уланып қалды ©Ярослав Радловский

Қостанайда қазақ-түрік лицейінің алты оқушысы астан уланып қалып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қостанайда қазақ-түрік лицейінің алты оқушысы астан уланып қалып, ауруханаға түсті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, ауруханаға алты оқушы түсіп, оның біреуі дәрігерлердің тексеруінен кейін үйіне жіберілген. Зардап шеккендердің арасында 10-сыныптың бір оқушысы бар, қалғандары - 7-8 сынып оқушылары. Қазіргі уақытта оқиға орнында полицейлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мамандары жұмыс істеп жатыр. 

"Полиция Қостанай қазақ-түрік лицейі оқушыларының улану дерегі бойынша ҚР ҚК 267-бабымен қылмыстық іс қозғады. Санитарлық-эпидемиологиялық ережелердің бұзылуы өткен түнде болды", - деп хабарлайды Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі. Қозғалған қылмыстық істің шеңберінде сараптамалар тағайындалды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында 50-ге жуық баланың мектеп асханасында тамақтанғаннан кейін жаппай ұшынып қалғаны хабарланған еді. Балалармен бірге алты мұғалім де уланып қалды. Зардап шеккендердің 11-і Қостанайдағы жұқпалы ауруханаға, 23-і Ұзынкөл аудандық ауруханасына жатқызылды. Қалағн 17 адам дәрігерлердің тексеруінен кейін үйлеріне жіберілген болатын. 

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 496.04  course up  586.76  course up  6.46  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети