30 желтоқсан 2014 | 15:13

Көршісін атып өлтірген батысқазақстандық 13 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі ©Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

Батыс Қазақстан облысында көршісін өлтірген азамат 13 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сот Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша сотқа берілген Курохтинге қатысты үкімді жария етті.

Оқиғаны нақтылайтын болсақ, Курохтин үйінің ауласында арақ ішіп отырып гаражына бара жатқан көршісін көріп, бұрын бірнеше рет болған келіспеушілікті сылтауратып, үйінде заңсыз сақтаған тапаншасымен оны қолы мен мойын тұсынан екі рет атқан. Ол кезде аулада ешкім болмаған. Ал оқ тиген көршісі есігі ашық жатқан жертөленің ішіне құлаған.

Курохтин жертөлеге барып, көршісінің басынан екі қайтара оқ атады, жәбірленуші сол жерде жан тапсырды. Ал Курохтин оқиға орнынан қашып кетеді.

Соттың үкімімен Курохтин Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабында қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.61   535.12   5.24 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети