06 қаңтар 2015 | 12:52

Өскеменде жаяуларды қағып кеткен төрт жүргізуші іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Өскемен қаласында полицейлер жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған төрт жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды YK-avto.kz.


Өскемен қаласында полицейлер жаяу жүргіншілерді қағып кетіп, оқиға орнынан ізін жасырған төрт жүргізушіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды YK-avto.kz.

29 қарашада сағат 08.55-те белгісіз біреу түр-түсі анықталмаған көлігімен Виноградов көшесіндегі №12 үйдің маңында бір әйелді қағып кеткен. Дәл осы күні моделі белгісіз тағы бір көлік Промышленный көшесіндегі №9 үйдің маңында ер адамды қаққан. 

Сонымен қатар, полицейлердің айтуынша, 27 желтоқсан күні сағат 19.00 шамасында Согринская көшесінің бойындағы "Бобровский өткелі" аялдамасында көк түсті автобус 26 жастағы қызды жазым қылды. Төртінші оқиға 28 желтоқсан күні Виноградов көшесінде болды. Қара түсті Lexus RX-300 автомобилі 20 жастағы қызды басып кеткен. 

Оқиға орнынан із суытқан бұл жүргізушілер әлі күнге дейін табылмай отыр. Полицейлер оқиғаның куәгерлері мен осы жол-көлік оқиғалары жайлы қандай да бір мәліметі бар тұрғындардан әкімшілік полиция басқармасының 77-70-81 және 77-60-05 немесе іздестіру бөлімінің 77-46-76 номеріне хабарласуды сұрайды. Тәртіп сақшылары мәлімет берген адамның аты-жөні құпия сақталатынына кепілдік беріп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 481.61   535.12   5.24 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети