Алматыдан 400 шақырымда магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдан 400 шақырымда магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі болды Жер сілкінісінің ошағы көрсетілген карта. ©emsc-csme.org

30 қаңтар күні Астана уақыты 07.49-да Алматыдан оңтүстікке қарай 399 шақырымда магнитудасы 4,2-ге тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығына сілтеме жасап. 

Жер сілкінісі Қытай аумағында болды. Жерасты дүмпулері бір шақырым тереңдіктен анықталды. Зілзаланың эпицентрі Кашиден (Қытай) шығысқа қарай 85 шақырымда және Ат-Башыдан (Қырғызстан) оңтүстік-шығысқа қарай 193 шақырым жерде болды.  

БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы басқаша мәліметтерді келтіріп отыр: магнитудасы 4,4-ке тең жер сілкінісі Алматыдан оңтүстікке қарай 415 шақырымда болды. Оның энергетикалық класы - 10.

Зілзаладан зардап шеккендер мен қирандылар туралы мәлімет жоқ.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети