Қытайдан дәрі-дәрмектің кезекті партиясы заңсыз әкелінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдан дәрі-дәрмектің кезекті партиясы заңсыз әкелінді ©Тengrinews.kz

Қазақстанға Қытайдан заңсыз жеткен дәрі-дәрмектің кезекті партиясы әшкереленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға Қытайдан заңсыз жеткен дәрі-дәрмектің кезекті партиясы әшкереленді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақ-қытай шекарасындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 80 келі болатын дәрі-дәрмекті контрабандалық жолмен өткізуге әрекеттенген Қазақстан Республикасының 25 жастағы азаматшасы ұсталды", - деп хабарлайды ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі. 

Әйел Қытай аумағынан Қазақстанға жаяу өтпек болған. "Аталған дерек бойынша материалдар Алматы облысының Панфилов аудандық прокуратурасына берілді", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. 

Еске сала кетейік, Қытайдан заңсыз келіп жатқан дәрі-дәрмек партиясының алды бұл емес. Бұған дейін қазақ-қытай шекарасындағы "Қорғас" бақылау-өткізу бекетінде бір тоннадан астам дәрі-дәрмек контрабандасы әшкереленді. Жасы 32-дегі әйел адам бір тоннадан астам дәрі-дәрмекті елімізге заңсыз жолмен өткізуге әрекеттенгені үшін ұсталды. Ұсталған әйелдің қай елдің азаматшасы екені хабарланған жоқ. Ал оның алдында "Қорғас" өткізу-бақылау бекетінің бақылаушылары елімізге 100 келіден астам дәрі-дәрмекті заңсыз өткізбек болған Қазақстан азаматын ұстады. Аталған дерек бойынша материалдар Панфилов ауданының прокуратурасына берілді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети